Қазақстан • 08 Шілде, 2021

11 мемлекеттік қызмет түрі проактивті форматқа ауысты

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 шілдедегі жағдайында, жалпы әлеуметтік төлем алушылар саны 3,6 млн адамды құрады. Оның ішінде 2 млн 200 зейнеткерлер болса, қалғаны түрлі жәрдемақы алатын азаматтар, деп жазады Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

11 мемлекеттік қызмет түрі проактивті форматқа ауысты

«Қазіргі кезде әлеуметтік саладағы 11 мемлекеттік қызмет түрі проактивті форматқа аударылды. Ондағы басты шарт – қолданушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. 2017 жылға дейін бізден төлем алатын адамдардың барлығы ХҚКО келіп, құжаттарын өздері жинап, өткізетін болса, қазіргі кезде барлығы автоматтандырылған жүйеде іске асырылады. Мысалы, тек бір СМС-хабарламаға жауап бере отырып, бірден туу туралы куәлікті рәсімдеуге, балабақшаға кезекке тұруға және бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға болады»,  деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов халықты проактивті форматта әлеуметтік қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелуге шақыра отырып.  

Сонымен қатар алдағы уақытта адамға тұрғылықты жеріне қарамастан қызмет алуға мүмкіндік беру мәселесі шешімін табатын болады.