Егемен Қазақстан • 23 Шілде, 2021

Ақпараттық хабарлама

634 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ – Қазақстан Республикасында аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау алды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін баспа беттерін ұсыну тәртібі мен қағидалары, төлемақы көлемі туралы хабарлайды.

Газеттің баспа беттері Газет пен кандидаттың өзі немесе сенімді өкілі арасында үгіт-насихат баспа метариалдарын орналастыру үшін баспа бетін ұсынуға жасалған шарт негізінде ұсынылады. Шарт пен оның ілеспе құжаттарының нысаны жазбаша өтініш берген кезде ұсынылады. Мұндай шартты жасасу үшін кандидаттың өзі немесе сенімді өкілі Газетке келесі ақпараттарды көрсетіп ұсыну арқылы жазбаша өтініш береді:

1. Кандидаттың ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2. Кандидаттың уәкілетті өкілінің өкілдігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3. Үгіт-насихат материалдарды алатын беттің жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;
4. Үгіт-насихат материалдарының (ұсынылған әр бетте уәкілетті өкілдің қолы қойылған) қағаз бетіндегі және электрондық тасымалдаушыдағы толық мәтіні;
5. Өтініш берген кандидаттың өзі немесе сенімді уәкілетті өкілінің
жеке куәлігінің көшірмесі.

Газет жазбаша өтініштерді демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайда қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 үй, 36 бөлме.

Жарияланымдар ақпаратты ұсынған тұлғаның аты-жөні мен тегі, төлемақысы, қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібі бойынша Газет белгілейді.

Үгіт-насихат баспа материалдары Газет шығатын күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде модульдер немесе мақалалар түрінде Газетке ұсынылады.

Ұсынылған материалды өзге кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Газет үгіт-насихат баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Ақпараттық прайсақпараттық прайс