Коронавирус • 09 Шілде, 2021

Электронды «вакциналау паспортының» жаңа дизайны

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан Респуб­ликасының Бас мемлекеттік сани­тарлық дәрігерінің қаулысына өзге­рістер енгізілуде. Онда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлеген eGov mobile мо­биль­­ді қосымшасының «цифрлық құ­жаттар» сервисінде электронды «вак­циналау паспортының» жаңа нұс­қасы ұсынылды.

Электронды «вакциналау паспортының» жаңа дизайны

Азаматтарға вакцина­лау­дың барлық кезеңінен өткеннен кейін 3 тілде қол­же­тімді электронды құжат беріледі.

Электронды құ­жат­тың жаңа нұсқа­сын­да ту­ған кү­ні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа дерек­тер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсы­на алады, бұл құ­жаттың заңдылығын тек­­серуге кө­мектеседі. Код­ты сканерлеу кезінде па­циент­тің вакциналаудан өткені туралы дербес дерек­т­ердің таралуын қор­ғау мақсатында анық­тамадағы деректер жасы­рыл­ған (деректердің бір бөлігі ***белгіленген) пациен­т­тің вакциналануы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда мобильді қо­сым­шаны пай­да­ланушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзі­нің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.

еGov mobile мобильді қосымшасы­ның «цифрлық құжаттар» сервисінде ор­на­ластырылған вакцина­лаудың электронды пас­портын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адам­ның вакцинала­нуын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйе­сінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар.