Қазақстан • 09 Шілде, 2021

Әлемдік рейтинг: Қазақстан денсаулық сақтау сапасы бойынша қай орында?

2480 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Numbeo порталы денсаулық сақтау саласының сапасы бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлемдік рейтинг: Қазақстан денсаулық сақтау сапасы бойынша қай орында?

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша құрылған рейтингте Қазақстан 95 елдің ішінде 58-ші орынға ие болды. Көш басында Тайвань, Оңтүстік Корея және Франция тұр.

Рейтингте елдің индексі 59,62 болды. Ол 100-ге неғұрлым жақын болса, елдегі денсаулық сақтау жүйесі соғұрлым жақсы деп саналады. Индексті есептеу кезінде денсаулық сақтау мамандарының, дәрігерлердің біліктілігі, жабдықтар сапасы, қызмет бағасы және т.б назарға алынады.

ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украина, Беларуссия, Әзірбайжан көрсеткіштері Қазақстанға қарағанда нашар.  Соңғы қатарда Венесуэла тұр.

рейтинг

Ranking.kz жазуынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің денсаулық сақтау саласында 546,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,2% көп.

Аймақтық контекстте қызметтердің ең үлкен көлемі Алматыға тиесілі (93,8 млрд теңге), бұл өткен жылмен салыстырғанда 46% көп. Жетекші үш аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы (71,1 млрд теңге) және Алматы облысы (45,1 млрд теңге) кірді.

Биыл бюджет есебінен 429,8 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46,7% артық. Халық есебінен көрсетілетін қызметтер көлемі 31,5%-ға, яғни 65,9 млрд теңгеге дейін өсті. Кәсіпорындар есебінен көрсетілген қызмет құны - ​​81,5%-ға артып, 50,7 млрд теңгені құрады.

Қызмет түрлері бойынша 285,3 млрд теңге - стационарлық қызметтерге, 113,9 млрд теңге - жалпы дәрігерлік практика саласындағы қызметтерге, 34,7 млрд теңге - арнайы медициналық практика саласындағы қызметтерге, 15,4 млрд теңге стоматология саласына жұмсалған.