Ауа райы • 09 Шілде, 2021

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы аптап ыстық қайталанды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарды. 29 маусымда елдің батысында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы аптап ыстық қайталанды

Метеорологтардың айтуынша, жаздың бірінші айы қарама-қайшылықтарымен таңғалдырды. Айдың көп бөлігінде елдің батысы мен оңтүстік өңірлерінде субтропикалық ауа массаларының әсерінен аптап болды.

«Кей күндері термометр бағаналары апатты гидрометеорологиялық құбылыс (АГҚ) +40...+46 градус өлшемдеріне жетті, осылайша елдің оңтүстік-батыс жартысындағы бірқатар метеостанцияда тәуліктік рекордтар жаңарды: Орал метеостанциясында 29 маусымда температура +41,9 градусқа жетті, 2015 жылдың ең жоғары мәні +39,8 градус болған, Аққұдық метеостанциясында 29 маусымда +44,4 тіркелді, бұл 2018 жылдың абсолют максимумынан - +43,3-тен асып түсті, Атырау метеостанциясында 28 маусымда +42,8 градус болды, 2015 жылы рекорд +39,8 болған, Қаратөбе метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 29 маусымда ең жоғары ауа температурасы +45,5 тіркелді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда жоғары, +41,2 болған», деп хабарлады синоптиктер.