Қазақстан • 09 Шілде, 2021

Қазақстан ауған шекарасына әскер жібере ме?

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында қазақ әскерилерінің Ауғанстан шекарасын күзетуге бару ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан ауған шекарасына әскер жібере ме?

Қорғаныс министрінің орынбасары нақты шешімді халықаралық ұйымдар мен елдің Парламенті қабылдайтынын түсіндірді.

«Халықаралық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, қолдау үшін қандай да бір контингентті жіберу үшін бізге бірнеше шарт керек. Ол шарттың бірі – екі тараптың бірі Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына көмек сұрап жүгінуі тиіс. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім шығуы қажет. Әрине, ол шешімді біздің елдің Парламенті ратификациялап, халықаралық миссия атқаратын контингенттің жіберілуіне рұқсат беру керек. Осы шарттардың бәрі орындалған жағдайда біз сәйкесінше өзіміздің халықаралық міндеттерімізді орындауға дайынбыз», деді Тимур Дәндібаев.