Білім • 09 Шілде, 2021

113 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

113 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

113 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Конкурстық іріктеуден өткен стипендиаттар магистратура мен докторантураға түсіп немесе Қазақстанда үлкен сұранысқа ие мамандықтар бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтетін болады.

«Болашақ» стипендиясын тағайындау үш рет өтіп, қорытындысы маусым, тамыз және қараша айларында белгілі болады.

«Стипендиялар «Медицина», «Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар», «Білім беру», «Инновациялар және жаңа технологиялар», «Креативті индустрия», сондай-ақ «Индустриялық инженерия» бағыттары бойынша бөлінген. 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінді, оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша бөлінді. Биыл алғаш рет «Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша 500 стипендия бөлінді. Бұл санат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Бұл шын мәнінде бұрын-соңды болмаған шара. Енді жыл сайын еліміздің 500 ғалымы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, осы орталықтардың зертханалары базасында бірлескен зерттеулер жүргізе алады. Біз ғалымдарымызды белсенділік танытып, шәкіртақы тағайындауға қатысуға шақырамыз», деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Еске сала кетсек, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырдан басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.