Спорт • 09 Шілде, 2021

Токио Олимпиадасына баратын делегация үшін арнайы штаб құрылады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Тимур Құлыбаевтың «Ақбұлақ» базасында спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио Олимпиадасына баратын делегация үшін арнайы штаб құрылады

Штаб Олимпиада ойындарына қатысудың барлық аспектілерімен айналысады. Атап айтқанда, спортшылардың жарыстарға қатысуы, халықаралық федерациялармен өзара байланыс, логистика және олимпиадашылардың денсаулығын сақтау сынды мәселелермен айналысады.

Кездесуге қатысушылар Олимпиадаға іріктеудің ерекшеліктерін, коронавирустық инфекциядан қорғану ережелерін және жалпы Жапониядағы талаптарды талқылады.

Ұлттық құрама командалар Қазақстандағы олимпиадалық базаларда Ойындар алдындағы соңғы жаттығуларын өткізуде. Сол жерден олар бірден Токиоға аттанады.

Делегация мүшелеріне Ойындарды ұйымдастыру комитетінің ережелерін, яғни «плейбук»-ты мүлтіксіз сақтау қажеттілігі еске салынды. ҰОК басшысы кездесу соңында олимпиадашыларға табыс тіледі.