Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Алматыда жалған 400 мың доллар тәркіленді

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 маусымда Алматы қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топ көмекшісінің шетелдік валюта өткізуінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жалған 400 мың доллар тәркіленді

Қылмыстық ортаның «беделдісі» ұсталып, одан Алматы қаласы криминалдық айналымға арналған жалған 400 мың АҚШ доллары табылып, алынды. Осы факт бойынша ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігімен («жалған ақша және бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау, алып өту, сақтау») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көрсетілген бап бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Қылмыскер айыбын мойындады. Одан басқа, фигурантқа Ақтөбе қаласы кәсіпкерінің автомашинасы мен жер телімін заңсыз иемдену фактісі бойынша өздігінен иелік ету айыбы тағылып отыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар