Е.Тоғжановтың айтуынша, бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағында карантин шарасы күшейтілген.
«Барлық медициналық ұйым орын алуы мүмкін күрделі жағдайға дайын. Ауруханалар 37%-ға толған. 50 мың бос орын бар. Вакцинациялау шаралары 2 есеге өскен. 1 тамызға дейін медициналық себебі жоқ барлық педагог вакцина алатын болады. Бүгінгі таңда екпенің бірінші дозасын - 4,2 млн адам, екінші дозасын 2,4 млн адам алған», деді Е. Тоғжанов.