Спорт • 10 Шілде, 2021

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы басталады

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы басталады

А тобында «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент), «Қызылжар» (Петропавл), СДЮСШОР №8 (Нұр-Сұлтан), В тобында «Тобыл» (Қостанай), «Тараз», «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан) клубтары шеберлік байқасады. Ал С тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе», «Ақжайық» (Орал), Д тобында «Қайрат» (Алматы), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Тұран» (Түркістан) командалары ойнайды.

10 шілдеде алғашқы турда «Қызылжар» мен СДЮСШОР №8 (18:00), «Жетісу» мен «Қайрат» (18:00), «Тараз» бен «Тобыл» (20:00), «Қайсар» мен «Астана» (22:00) командалары жасыл алаңға шығады.

11 шілдеде «Ақтөбе» мен «Акжайық», «Каспий» мен «Тұран», «Атырау» мен «Мақтарал», «Ордабасы» мен «Шахтер» кездеседі.