Спорт • 11 Шілде, 2021

«Уимблдонда» Эшли Бартидің бағы жанды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өткен «Уимблдон» турнирінің әйелдер арасындағы сайысы аустралиялық теннисші Эшли Бартидің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Уимблдонда» Эшли Бартидің бағы жанды

Жоғарыдағы нәтиже қалың көрерменді аса таңдандыра қойған жоқ. Себебі, бүгінгі таңда Эшли Бартидің алдына түсетін ойыншы кемде-кем. Ол – әлемнің бірінші ракеткасы. 25 жастағы жасыл құрлықтың өкілі бұған дейін де көптеген дүбірлі додаларда дараланған. Атап айтсақ, 2019 жылы «Уимблдонда» топ жарды, былтыр Аустралияның ашық біріншілігінің финалында ойнады және WTA турнирлерін 11 мәрте ұтты.

Биыл Лондондағы жарыста Барти Карла Сураес-Наварро (Испания), Анна Блинкова (Ресей), Катержина Синякова мен Барбора Крейчикова (Чехия), Айла Томлянович (Аустралия) және Анжелика Керберді (Германия) қапы қалдырып, финалда Чехияның тағы бір өкілі Каролина Плишковамен шеберлік байқасты. Бұл тартыс 6:3, 6:7, 6:3 есебімен әлемнің ең үздік теннисшісінің пайдасына шешілді.  

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар арасынан айтулы турнирде ең тәуір көрсеткішке Елена Рыбакина қол жеткізді. Ол төртінші кезеңге дейін жетіп, сол межеде беларуссиялық Арина Соболенкоға есе жіберді.