Саясат • 12 Шілде, 2021

«Жасыл соқпақ» сайысы

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері арнайы мақсаттағы барлау топтары арасындағы «Жасыл соқпақ» далалық машықтану конкурсында бағын сынауда. Жарыс жыл сайын Ресей Федерациясында өткізіледі. Биыл ол Краснодар өлкесінің Молкино кентінде өтуде.

«Жасыл соқпақ» сайысы

«Жасыл соқпақ» – ең беделді конкурстың бірі. Оған Балтық теңізінен Тынық мұхитқа дейінгі аралықта орналасқан Ре­сей Федерациясының барлық округі арнайы мақсаттағы бө­лімшелерінің командалары, сондай-ақ ҰҚШҰ елдерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысады.

Сайыс 20-дан астам кезеңді қамтиды. Барлаушылар алыс қашықтыққа жылжу, су кедер­гісінен өту, арнайы міндетті орын­дау, жауынгерлік оқ ату және барлау тобын қарсылас тылына шығару кезінде топтардың әрекет етуін пысықтау сайысына түседі. Жарыстың барлық кезеңін орындауға 100 сағат бөлінеді. Міндет тоқтаусыз орындалады. Беріктік пен төзімділікті анықтайтын басты сынақ – 10 және 30 километр қашықтықта жүгіру.

Жарыстың соңғы кезеңінде қатысушылар шартты қар­сыластың диверсиялық топтарын торуылдап, олардың шабуылына тойтарыс береді.

Қорытындылау кезінде барлаушылардың әскери топография саласындағы білімі, бүркемелеу, жасырын жылжу шеберлігі, лагерді ұйымдас­ты­руы, медициналық және ин­женерлік даярлық дағдылары ескеріледі.

Барлаушылар конкурсқа қатыса отырып, әртүрлі өңір­де, табиғи және климаттық жағ­дайларда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуде тәжірибе жинақтайды. Биылғы жылы 47-ші рет өткізіліп отырған «Жасыл соқпақ» сайысы 2 шілдеден 13 шілдеге дейін жалғасады.

 

«Егемен-ақпарат»