Қоғам • 12 Шілде, 2021

Қарағандыда – тегін, елордада – ақылы

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөнін­дегі республикалық Қоғамдық кеңестің отырысында әлеуметтік қызмет­тер көрсету сапасын жетілдіру, кедер­­гісіз қалалық инфрақұрылым құру және ерекше қажет­­тіліктері бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

Қарағандыда – тегін, елордада – ақылы

«Бүгінде әзірленіп жат­қан Әлеуметтік кодекс «қар­жыландыру қызмет алу­шыға ілесіп жүруі тиіс» қағидасына сәйкес болуы тиіс. Қарағандыда тұра­тын мүгедектігі бар адамдар қоғамдық көлікті жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін пайдаланады. Алайда елордаға келгенде, қоғам­дық көлікте тегін жүре алмайды», деді кеңес мү­ше­сі, Қарағанды облысы әкі­мінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штат­­тан тыс кеңесшісі Нияз Сүндіталиев.

Кеңес мүшесі, «Арман – АНК» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Гүлнар Омарова ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға екпе егу мәсе­лесіне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде үйге барып екпе егу тек төсек тартып жатқандар үшін ғана жүр­гізіледі. Сондай-ақ мүге­дек­тігі бар көптеген адамның хабар­дарлығы төмен болған­дықтан, олар екпе егуге болмайтын жағдайлар туралы білмейді.

Бұған жауап ретінде Ең­бек және халықты әлеу­­меттік қорғау вице-ми­нистрі Ерлан Әукенов ерек­­­­ше қажет­тіліктері бар адам­­­дар­ды вакциналау мәсе­лесі Денсаулық сақтау ми­нистр­­лігінің өкіл­дерімен бірге жер­гілікті жер­лерде пысық­тала­тынына сен­дірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20