Әлем • 12 Шілде, 2021

Түрікменстан Ауғанстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

966 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан СІМ баспасөз қызметі Ауғанстан шекарасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады және ресейлік БАҚ-ты жалған ақпарат берді деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрікменстан Ауғанстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы күндері бірқатар ресейлік БАҚ тарапынан «түрікмен-ауған шекарасындағы жағдайға қатысты тексерілмеген және объективті емес хабарламалар» таратылған.

«РБК телеарнасы Ауғанстан шекарасына Түрікменстанның әскери техникасы мен артиллериясын тарту туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты. Бұл сенсация үшін жасалған және басқа ештеңе білдірмейді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі екі көрші мемлекеттің бауырластық қатынасы арқасында түрікмен-ауған шекарасы достық пен ынтымақтастықтың шекарасы екенін айтты.

Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, оның қарамағындағы барлық әскери бөлімше, олардың жеке құрамы мен әскери техникасы тұрақты орналасқан жерлерде қалады және көзделген бағдарламаға сәйкес жоспарлы оқу даярлығын жалғастырады.

«Тату көрші дәстүріне сәйкес, сондай-ақ екіжақты келісімде бекітілген халықаралық құқық пен міндеттемелердің мызғымас қағидаттарын берік орындай отырып, Түрікменстан бауырлас Ауғанстанмен бейбіт және тату көршілік байланыстарды қолдауға және нығайтуға ұмтылады», дейді СІМ өкілі.