Әлем • 12 Шілде, 2021

Молдовадағы парламент сайлауында президенттің партиясы алда келеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Молдовада өткен парламент сайлауының нәтижесінде заң шығару органына үш партия өтті, деп жазады Egemen.kz.

Молдовадағы парламент сайлауында президенттің партиясы алда келеді

Молдова орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Президент Майя Сандудың «Әрекет және ынтымақ» партиясы (PAS)  сайлаушылардың 47% дауысын жинап, озық шыққан.

Олардың негізгі қарсыласы коммунистер мен социалистердің партиясы (BeCS) 31% дауыс жинаған. Аталған партияның жетекшілері – Молдованың бұрынғы басшылары Владимир Воронин мен Игорь Додон.

Ал кәсіпкер Илан Шор басқаратын «Шор» ұлттық-консервативтік партиясы 6,65% дауыс алған.

ОСК-ның мәліметінше, кезектен тыс парламент сайлауында өрескел заңбұзушылық байқалмаған. Сайлауға барлығы 20 партия түскен. Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 48,1%-ы қатысқан.