Оқиға • 12 Шілде, 2021

Медицина қызметкерлері науқасты ауруханадан шығарып жіберген

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда науқасқа немқұрайлы қараған қалалық аурухананың екі медицина қызметкері жазаланды. Аға медбике қызметінен шеттетіліп, санитар жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлері науқасты ауруханадан шығарып жіберген

Фото: Константин Шелков

Екібастұздың 85 жастағы тұрғынының туыстары қалалық аурухана дәрігерлерінің немқұрайлылығына шағымданды.

Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жариялаған. Егде жастағы әйел пневмонияға шалдыққан. Рентген және тест нәтижелері бұл диагнозды растады. Зейнеткер ем-дом алған. Кейін стационардан шығарылды. Мәселе осы жерде ушыққан секілді.

- Оны ауруханадан шығарып, кірпішке отырғызып, кетіп қалды. Бір  әйел өтіп бара жатып, әжені таксиге отырғызып, үйге жіберген. Неге туған-туыстарына қоңырау шалмадыңыз? Балаларының нөмірін білдіңдер ғой, - дейді зейнеткердің туыстары.

Екібастұз қалалық ауруханасында қызметтік тексеру жүргізілді. Қорытынды бойынша бөлімнің аға медбикесін қызметінен алып тастау және санитарды жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.