Қазақстан • 12 Шілде, 2021

Қандастар үшін азаматтық алу жеңілдетілді

1501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шет мемлекеттердегі этникалық қазақтар үшін Қазақстан азаматтығын алу немесе тұрақты тіркеуге тұру, «қандас» мәртебесін алу жеңілдетілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Қандастар үшін азаматтық алу жеңілдетілді

Оның айтуынша, «қандас» мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі, ал азаматтық алу үш айдың ішінде жүзеге асырылады.

«Құжаттар санына келсек, қазіргі кезде мемлекеттік органдар пысықталуда. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен азаматтық беру бойынша құжаттарды оңтайландыру процесі жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 46 құжаттан 26-ға дейін қысқарту көзделген. Осының барлығы елімізге көшіп келген немесе көшіп келуге ниет білдіріп отырған азаматтарға жасалып отырған жеңілдіктердің бірі. Қазір азаматтық алу мен тіркеуге тұру үшін бір-ақ рет құжат тапсырылады. Әрқайсысына бөлек емес. ІІМ бұйрығымен бекітілген бұл тәртіп 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді»,  деді М. Сарбасов.   

Айта кетейік, 2019 жылы «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан 1404 қысқаша номері бойынша елімізге көшіп келген қандастарды ақпараттық қолдау орталығы құрылған болатын. Қазіргі кезде 11 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Оның 95 пайызы орындалуда. М. Сарбасовтың айтуынша, адамдар көбінесе құжаттандыру, білім алу, тіркеу, әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінеді.