Әлем • 12 Шілде, 2021

Грузия парламентінде төбелес болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузия парламентінде оппозиция депутаттары мен үкімет өкілдері арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz russian.rt сайтына сілтеме жасап.

Грузия парламентінде төбелес болды

Бұқаралық ақпарат құралдарында аталған жанжалдың себебі жайлы нақты мәліметтер жоқ. Бұған дейін БАҚ қызметкерлері ғимараттың сыртына жиналған барлық журналистерді кіргізуді талап етіп, конференция бөлмесіне баса көктеп кіргені жайлы ғана айтылған.

Олар Премьер-министр Иракли Гарибашвилидің отставкаға кетуін сұраған.  

Наразылықтар «Пирвели» телеарнасының операторы Лексо Лашкараваны Тбилисидегі ЛГБТ қауымдастығына қарсы митинг кезінде ұрып-соққаннан кейін басталған. Кейін ер адам өз пәтерінде өлі күйінде табылды. 

5 шілдеде таңертең ЛГБТ қауымдастығының қарсыластары «Тбилиси мақтанышы» кеңсесіне кіріп, қауымдастықтың туларын жұлып тастады. Сондай-ақ олар кемпірқосақ түстес белгілері бар адамдарды іздеп, қала ортасында жүрген. Сол кезде БАҚ өкілдеріне де шабуыл жасалған.

Іс-шараға қатысушылар мен журналистерге жасалған шабуылдан кейін ЛГБТ қауымдастығы ұйымдастырған «Абырой маршы» таратылды.