Қазақстан • 12 Шілде, 2021

Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы өмірден өтті

4462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы, авиация саласының белді маманы Дәулетбай Серікбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы өмірден өтті

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұжымы Серікбаев Дәулетбай Мұсайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен достарына шын жүректен қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», деп хабарлайды ҚР ИИДМ ААК баспасөз қызметі.

Ол Азаматтық авиация комитетінде Жазғы ұшуды пайдалану басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

«Үлкен кәсіби маман әрі еңбек сіңірген авиатор, ол кісі авиация саласында 40 жылдан астам еңбек етті. Әр жылдары қазақстандық авиакомпанияларда жұмыс істеп, ЯК-40, ТУ-154, А-310 ұшақтарының ұшқышы және командирі болды. Дәулетбай Мұсайұлы Азаматтық авиация комитетінде 2002 жылдан бастап еңбек етіп келді», делінген ҚР ИИДМ ААК баспасөз қызметі хабарламасында.

Кәсіби шеберлігі, еңбек жетістіктері және азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ол салалық жүлде - «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33