Коронавирус • 12 Шілде, 2021

Атырауда үш күнде коронавирусқа шалдығу 46,8 пайызға өскен

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда үш күнде коронавирусқа шалдығу 46,8 пайызға өскен

Оның мәліметінше, қауіпті вирустың таралу көрсеткішінің өсуіне байланысты 520 резервтік төсек-орын дайындалған. Оның ішінде 20 төсек-орын жансақтау бөліміне бөлініп отыр.

«Соңғы үш күнде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 46,8%-ға артып отыр. Мәселен, 8 шілдеде 154 жағдай тіркелсе, 11 шілдеде 290 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Соңғы бір аптада Атырауда сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты резервтен 330 инфекциялық төсек-орын пайдалануға берілді. Қазір облыста инфекциялық төсек-орынның жалпы саны 2 428-ді құрайды» дейді Асхан Байдуәлиев.

Басқарма басшысының айтуынша, 408 төсек-орынға арналған карантиндік стационар жұмыс істеп тұр.  

«Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны күрт өсетін болса, бірнеше ауруханадан инфекциялық стационар ашуды көздеп отырмыз. Нақтылай айтқанда, облыстық ауруханада 50, темір жол ауруханасында 120, Махамбет ауданындағы фтизиопульмонология орталықта 150, сондай-ақ, жатақхананың бірінде 200 орындық инфекциялық стационар ашылады» дейді Асхан Байдуәлиев.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35