Экономика • 12 Шілде, 2021

Электрондық сауда әлемдік сауданы сандық протекционизмнен тазартады

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев «Сандық сауданы Еуразиядағы өсу көзі ретінде пайдалану» Дүниежүзілік экономикалық форумының онлайн-сессиясында сөйлеген сөзінде электрондық сауда саласында көпжақты келісімдер жасаудың маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Электрондық сауда әлемдік сауданы сандық протекционизмнен тазартады

«Мұндай келісімдер әлемдік сауданы жаңа кедергілерден және сандық протекционизмнен қорғауға, сондай-ақ Төртінші өнеркәсіптік революция кезінде ДСҰ ережелерінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді», деді ЕЭК министрі.

Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одақ аясында электрондық сауданың дамуы туралы айта келе, үш тармақты атап өтті. Біріншіден, бұл Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығының жұмыс істеуі. «Электронды сауда үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Бөлшек саудадағы электронды сауданың үлесі 2030 жылға қарай 30%-дан 40%-ға дейін өседі деп үміттеніп отырмыз. Бірақ екінші жағынан, бірыңғай реттеудің артта қалуы жалпы нарықтың айтарлықтай бөлшектенуіне әкелуі мүмкін», деп сөзін бір түйіп өткен министр ұлттық реттеудегі деректерді оқшаулау мен қол жетімділікке, қосарланған салық салуға, бәсекелестікке және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты айырмашылықтарға назар аударды.

ЕЭК министрі электронды коммерцияға қатысты біртұтас цифрлық құжаттардың толық жиынтығын дайындауды өте маңызды мәселе деп атады. Бүгінгі күні, Андрей Слепневтің айтуынша, бұл проблема секторды дамытуға басты кедергі болып көрінеді.

Екінші мәселе сатып алушылар мен сатушылардың мінез-құлқына қатысты манипуляцияның әділетсіз тәжірибесінің алдын алуға қатысты.

«Барлығы жақында ғаламдық интернет-платформаларға қарсы миллиондаған долларлық сот ісі туралы біледі. Бұл  ең алдымен, артта қалған реттеу проблемасы», деп атап өтті ЕЭК министрі.

Осындай проблемалардың алдын алу және бизнес пен тұтынушыларға нарыққа әділетті қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін тауарларды интернет-сайттарға орналастыру мен жылжытудың ашық ережелерін қамтамасыз ету қажет.

Үшінші тармақ ЕЭК министрі нақтылап өткендей,  стратегиялық салаға айналатын электронды сауда инфрақұрылымының тұрақтылығы мен қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты, ал кең мағынада - сауда инфрақұрылымын цифрландыру.

«Сандық көлік дәліздері, қазіргі кезде айтылғандай, Еуразия кеңістігінде сауданың өсуіне үлкен жылдам нәтиже болып табылады. Өте маңыздысы, мұнда - Қытайда, ЕО-да және ЕАЭО-да саяси түсініспеушілік жоқ. Барлығы бұған практикалық деңгейде келіседі», деп баса айтты Андрей Слепнев.

Мысал ретінде ол Ресейдің Қиыр Шығыстан Финляндияға дейінгі көлік дәлізін цифрландыруды келтірді, бұл тауарларды жеткізу мерзімін төрт күнге қысқартатынын еске салды.