Маусым айының соңында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлының америкалық Роб Бранттан басым түскені белгілі. Әлемнің экс-чемпионын сабап тастағаннан кейін «Қазақтың қайсар ұлы енді кіммен жұдырықтасады екен?» деген сауалдың туындауы заңды. Осы орайда Жәнібектің алдағы уақыттағы қарсыласы ретінде мексикалық Хайме Мунгияның есімі аталуда. Өзгелерді айтпағанда, тіптен АҚШ-тың атышулы промоутері Боб Арумның өзі айтулы қос мықтының бір-бірімен күш сынасқанын аттай қалап отырған көрінеді.

Хайме Мунгияның мықтылығы еш дау туғызбайды. Биыл күзде 25 жасқа толғалы отырған Мексиканың батысындағы Жаңа Калифорния штатына қарасты Тихуана қаласының тумасы әуелде әуесқой рингте айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, жастар мен ересектер арасында ел чемпионы атанып, түрлі халықаралық турнирде топ жарды. Десек те оның аңсары кәсіпқой рингке ауды. 2013 жылдың жазында өткен тұсаукесер кездесуінде 16 жасар өрен өзінің отандасы Мануэль Мораны оңдырмай сабап тастады. Бәсеке екінші раундта тоқтатылды. Содан бергі сегіз жыл аралығында Хайме 37 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 30 бәсеке мерзімінен бұрын аяқталды. Бір айта кетерлігі, алғашқы 26 кездесуін ол тек өзінің жерлестеріне қарсы өткізген екен. Тек содан кейін барып қана өзге мемлекеттердің өрендерімен қолғап түйістіре бастады.
2018 жылдың 12 мамырында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ұйымдастырылған бокс кешінде Мунгия бірінші орта салмақтың теңдессізі Садам Әлимен күш сынасты. Сол күнге дейін 27 кездесудің тек біреуінде ғана жеңілген америкалық боксшы осы бәсеке барысында тым дәрменсіз күй кешті. Бірінші және төртінші раундтар аралығында Хайме оны төрт рет нокдаунға жіберіп, ақыры есінен тандырып тынды. Осылайша, Хайме 21 жастан асқан шағында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Хайме Мунгия чемпиондық тәжін бес мәрте сәтті қорғады. Осы орайда, ол ұлыбританиялық Лиам Смит (26-1-1), канадалық Брэндон Кук (20-1), жапониялық Такэси Иноуэ (13-0-1), ирландиялық Деннис Хоган (28-1-1) және ганалық Патрик Аллоти (40-3) сынды танымал былғары қолғап шеберлерін жақсылап тұрып сабады. Былтыр орта салмаққа ауысқан мексикалық сайыпқыран әуелі Ирландияның өкілі Гари О’Салливанды (30-3) сан соқтырды. Бұл бәсекенің «мәселесі» 11-раундта шешілді. 30 қазанда багамалық Туреано Джонсонды (21-2-1) жеңді. Ал 19 маусымда польшалық Камил Шереметаның (21-1) сілікпесін шығарды. Соңғы рет кездескен боксшылардың екеуі де бәсеке бел ортаға жеткен тұста жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Иә, бір кездері Мунгияның қазақстандық боксшылармен кездесуі мүмкін деген әңгімелердің де өрбігені рас. Алғашында Қанат Исламның, кейіннен Геннадий Головкиннің есімдері аталды. Тіптен қос тарап арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны жайында да айтылды. Расында да, бұл жекпе-жектерді жанкүйерлер тағатсыздана күткен еді. Өйткені есімдері аталған боксшылар шетінен мықты. Ондай кездесулердің аса қызықты әрі тартысты өтетініне ешкімнің күмәні жоқ. Бірақ бұл бәсекелерді көру бақыты бізге бұйырмады. Жоғарыдағы жоспарлар жүзеге аспады. Барлық әңгіме сөз жүзінде қалды.
Міне, енді Мексиканың мақтан тұтар боксшысы қазақтың жаужүрек жігітімен күш сынасуы бек мүмкін. Бұл әңгіменің шетін шығарып отырған Боб Арумның өзі. Әйгілі Top Rank Promotions компаниясының негізін қалаушы БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарының бірінде Мунгия мен Әлімханұлы арасында жекпе-жек өткізуге айрықша ықылас білдіріп отырғанын сөз арасында айтып қалды. Егер Арумның ойы жүзеге ассса, сан миллион көрермен аса қызықты жекпе-жектің куәсі болатынына күмәніміз жоқ. Себебі Хайме Мунгияның жүріп өткен жолы жайында біз жоғарыда егжей-тегжейлі баяндадық. Жәнібек Әлімханұлының да беделі күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі таңда ол WBO нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте екінші орынды иеленуде. WBC пен IBF-тың ТОП-10 боксшысының қатарына еніп отыр. Ring журналының тізімінде жетінші сатыға жайғасты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ал ең бастысы, осы жекпе-жек өтіп, Жәнібек жеңіске жеткен жағдайда қандасымыздың әлемдік тәж үшін таласуына тамаша мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтың тізгіні 33 жастағы АҚШ боксшысы Деметриус Андраденің қолында. 2007 жылы Чикагода әлем чемпионы атанған ол 2008 жылы Рио Олимпиадасында өнер көрсетті. Алайда ғаламдық додада Деметриустың жолы болмады. Содан ол кәсіпқойлар арасында күш сынасуды құп көрді. Сол кезден бері 30 кездесу өткізген америкалық апайтөс барлығында жеңіске жетіп, 18 қарсыласын есінен тандырды. Әр жылдары түрлі салмақ дәрежесі мен түрлі нұсқалардың алтын белбеуін иеленді. Бірақ одан қазақтың ұлы қаймығып отырған жоқ. Керісінше, сан мәрте жекпе-жекке шақырып, «мен сені ұрып жығамын» деп қоқан-лоққы да көрсетті. Әзірге чемпион үнсіз. Қалай болғанда да, Жәнібектің Андрадемен айқасатын күні жақындап келеді. Түбі бір бұл кездесудің куәсі болатынымыз анық.
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Ұқсас жаңалықтар