Қоғам • 13 Шілде, 2021

Мүгедек жандарға берілетін жәрдемақының орташа мөлшері белгілі болды

852 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 195 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедек жандарға берілетін жәрдемақының орташа мөлшері белгілі болды

2021 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 154,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 41,3 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 526 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171 мың адамды құрайды. 2021 жылдың маусым айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,9 млрд теңге жұмсалды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты белгіленеді.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 701 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 225 теңгені құрады.