Ауа райы • 13 Шілде, 2021

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

13-14 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 13 шілдеде таңертең және күндіз 15-20 м/с, 14 шілдеде кей уақыттарда 15-20 м/с-қа жетеді.

13 шілдеде күндіз Алматы қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, найзағай кезінде екпіні 15 м/с жетеді.

13 шілде күні таңертең және күндіз Шымкент қаласында найзағай, дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады.

Көкшетау қаласында күндіз қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

13 шілде күні Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Жамбыл, Қарағанды Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шанды дауыл күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 шілдеде күндіз Павлодар облысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында да қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

13 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады.