Оқиға • 13 Шілде, 2021

Семейде жол апатынан бір адам қаза тапты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде жол апатынан бір адам қаза тапты

«Фольксваген пассат» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі автомашина салонында болған жолаушымен бірге Қабанбай батыр көшесі жағынан Қаржаубайұлы көшесі бойымен, Қаржаубайұлы-Қабылбаев көшелерінің қиылысында маневрдің қауіпсіздігіне толық  көз жеткізбей, бұрылу кезінде Қаржаубайұлы көшесі мен Қабанбай батыр көшесі бағытында келе жатқан «Газ – 53» маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берген.

«Жол-көлік оқиғасы 12 шілдеде сағат 18:00 шамасында болды. Жол апаты салдарынан 48 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 – бабы 3-бөлігі бойынша-көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша негізгі процесуалдық шешім қабылданады. 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.