Аймақтар • 13 Шілде, 2021

Маңғыстау облысына арзандатылған арпа жеткізіліп жатыр

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Маңғыстау облысының шалғай өңірлеріне 546,304 тонна арзандатылған арпа жеткізу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы корпорацияның баспаөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Маңғыстау облысына арзандатылған арпа жеткізіліп жатыр

Корпорация 13 шілде күні 9 вагонға арпа артуға кірісті. Арпа қабылдауға және одан әрі мал шаруашылықтары арасында таратуға ыңғайлы болуы үшін бірден 45-50 кг қаптарға салынып жатыр. Аталған жұмыс Ақ-көл станциясындағы «Астық қоймалары №1 астық базасы» ЖШС астық қабылдау кәсіпорнында іске асып отыр.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» маусым айында Маңғыстау жұртын жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 637,294 тонна болатын 10 вагон жеткізген еді.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына да арпа жіберу жұмысы жалғасып жатыр.