Оқиға • 13 Шілде, 2021

Алматыда қаржы пирамидасының тағы бірнеше өкілі ұсталды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер қаржы пирамидасы ісіне қатысы бар тағы бірнеше адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қаржы пирамидасының тағы бірнеше өкілі ұсталды

ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD technology» ЖШС, «MUDARABAH CAPITAL» ЖШС және «MUSHARAKAH CAPITAL» ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде Алматы қаласының полициясы «ACD Tehnology» негізін қалаушы, 50 жастағы М. есімді азаматты ұстады.

«Басты тұлға – К. есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Кейінірек тағы екі күдікті – Р. есімді азаматша мен М. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іспен Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері айналысып жатыр», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.