Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрамында есірткілік заттар бар өсімдікті өсірумен айналысқан тұрғынды анықтаған.
«Ұсталған күдіктінің үй ауласын тінту кезінде 10 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі заттары 14 түп сора өсімдігі екені белгілі болды», дейді Қамза Үмбетқалиев.
Қазір ауласында есірткі өсірген үй иесіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.