Аймақтар • 13 Шілде, 2021

Елордадағы Бараев көшесі 20 тамызға дейін жабылады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бараев көшесінде жол жөндеу уақыты осы жылдың 14 шілдесінен 20 тамызына дейін ұзартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Елордадағы Бараев көшесі 20 тамызға дейін жабылады

Бұл бөлікте нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бараев көшесі мен Иманбаева көшесінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін уақытша схема ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін көлік жүргізушілеріне қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелерінде неғұрлым мұқият болып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілері негізінде Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, қозғалуы қажет. Бұл учаскеде жүру жылдамдығы сағатына 40 км-ге дейін шектелген.