Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық жасағаны үшін Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменттің жедел уәкілі ұсталды. Осыған ұқсас дерек Ақтөбе облысында анықталды, мұнда ЭТД тергеушісі қамқоршылықтан басқа, ақшалай сыйақы алған. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды.
Егер осындай фактілер белгілі болса, агенттіктің сенім телефоны арқылы +7 (7172) 708-478 немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы хабарлауды сұраймыз.