Қоғам • 13 Шілде, 2021

Қазақстан түрік мердігерлеріне жарты жылда 674 миллион доллар төлеген

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда түрік мердігерлері алған жобалардың жалпы құны жылдың бірінші жартысында 674 миллион долларға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан түрік мердігерлеріне жарты жылда 674 миллион доллар төлеген

Түркияның мердігерлер одағының 2021 жылғы шілдедегі құрылыс секторын талдау жөніндегі есебіне енгізілген Түркияның сауда министрлігінің деректеріне сәйкес, бірінші жартыжылдықта түрік мердігерлері 33 елде 6,5 миллиард долларға 100 жобаны іске асырған.

Түрік мердігерлері үшін осы жылдың бірінші жартысында 1,3 миллиард долларлық жобаны сеніп тапсырған ең үлкен нарық - Замбия. Содан кейін Словения - 748 миллион долларлық жоба. Қазақстан 674 миллион доллармен үшінші орында тұр.

Жобалардың құны бойынша алғашқы бестікке 543 миллион доллармен Әзербайжан мен 405 миллион доллармен Ресей кірді.

Түркияның мердігерлер одағы алдағы жылдары шетелдегі жобалар құнын 20 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.