Аймақтар • 13 Шілде, 2021

Шымкентте вакцина салдырмаған қызметкерлер жұмыс орнына жіберілмейді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте вакцина салдырмаған қызметкерлер жұмыс орнына жіберілмейді

Шымкент қаласы Бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев 1 шілдеде жариялаған қаулысына өзгерістер енгізді.

Жаңа қаулыға сәйкес, енді коронавирусқа қарсы вакцинаны алмаған қызметкерлер, жұмысшылар жұмыс орнына жіберілмейді. Екпе алуға болмайтыны туралы дәрігердің анықтамасы бар адамдар және апта сайын ПЦР-тест тапсыруға келіскендер ғана осынау талапты айналып өте алады.