Қоғам • 13 Шілде, 2021

Грантта оқитын студенттерге жолақы беріле ме?

1330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім грантында оқитын студенттердің жолақысын өтеу тәртібіне өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грантта оқитын студенттерге жолақы беріле ме?

Ол бойынша жол жүруге өтемақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың мынадай санаттарына төленетін болады:

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектеріне жылына бір рет 2 еселенген АЕК мөлшерінде;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына-жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде;

-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Аталған өтемақы берілуі үшін бұйрықтағы санатқа жататын тұлғалар жол жүру шығынын растайтын құжатты өтінішпен бірге өткізуі керек.

«Жол жүру үшін өтемақы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүргенін растайтын құжаттар (электрондық билеттер, билеттің көшірмелері) болған кезде төленеді», деп жазылған бұйрықтың жобасында.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50