Оқиға • 13 Шілде, 2021

ҰҚК діни ағымдағы қылмыстық топты құрықтады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰҚК діни ағымдағы қылмыстық топты құрықтады

Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы такси жүргізушілерінен («Атырау-Орал-Атырау») ақша бопсалап келген.

ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың жақындарының тұрғылықты жерлерінен 3 бірлік әр түрлі қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылды.