Оқиға • 14 Шілде, 2021

Түркістан облысында көлік апатынан 1 адам қаза тапты

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында көлік апатынан 1 адам қаза тапты

Жүк көлігі көпірден құлап кетті. Жол апаты Шымкент маңында А-2 тасжолында болған. 

Өртенген көліктің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, жүргізуші аман қалған. Ал оның жанында отырған екінші жүргізуші қайтыс болды. 

Жүргізуші мен қайтыс болған адам Қырғызстан азаматтары екендігі анықталды.