Медицина • 14 Шілде, 2021

Үндістан Sputnik V вакцинасын өндіруді қолға алмақ

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі вакцинаның ең ірі өндірушісі жылына 300 миллион дозаға дейін «Спутник V» шығармақ. Үлкен көлемдегі өндіріс қыркүйек айында Үндістанның Қан сарысуы институтының күшімен ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістан Sputnik V  вакцинасын өндіруді қолға алмақ

Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қорында айтылды. Олар өнімді тек Үндістанның өзінде ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттерге экспорттауға жіберуді жоспарлап отыр.

Үндістанның Қан сарысуы институты бүгінде «Ковишилд» деп аталатын «Оксфорд-Астразенека» вакцинасын жасауға қатысқан.

«Мұндай серіктестік «Спутникті» әлемде қолданудың тамаша көрсеткіштерін жаңа деңгейге шығарады. Бұл – сенімнің өте маңызды көрінісі. «Спутниктің» кең көлемдегі өндірісі – біздің ковидпен бірлескен күресіміздің негізгі элементі», деді Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев.

Үндістан осы жылдың мамыр айынан бастап «Спутникті» өндіру бойынша ірі хабқа айналды. Ресей тікелей инвестициялар қоры бірнеше компаниямен келісімдер жасасты.

«Спутник V» әлемнің 60-тан астам елінде мақұлданған, дегенмен әу баста олардың көбісі вакцинаны қолданғысы келмеген. Ресейден тыс 9 елде бұл препараттың өндірісі басталды. Осыған орай, Ресей қорының басшылығы қыркүйек-қазан айларында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Спутник V» вакцинасын тіркеуі мүмкін деген үміт білдірді.

Әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, еуропалық реттеуші де ресейлік вакцинаны мойындамай отыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35