Аймақтар • 14 Шілде, 2021

Мердігер мектеп құрылысынан 5,5 миллион теңге жымқырған

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі Шымкентте мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңгенің ұрланғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мердігер мектеп құрылысынан  5,5 миллион теңге жымқырған

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ұсынған мәліметтері бойынша, құрылыс жұмыстарын жосықсыз жүргізген кәсіпкер кінәсін толық мойындап, ұрланған қаражат сомасын өтеп шықты.

«Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңгені жымқыру фактісін анықтады. Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы жалған мәліметтермен есеп бергіп отырғаны анықталды», деп хабарлады агенттікте.

Еңбекші аудандық сотының үкімімен қылмыскер үш жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысында білім беру мекемелерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл мақсаттарға бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, оның көлемі жыл сайын артып келеді. Ал білім беру нысандары - жосықсыз мердігерлер үшін ақша табудың оңай жолы», деп толықтырды Қаржылық мониторинг агенттігі.