Аймақтар • 14 Шілде, 2021

Оралдық мұғалім жалған вакцина паспортын жасатқан

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда мұғалім коронавирусқа қарсы вакцинаны растайтын төлқұжатты қолдан жасатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Мой город порталына сілтеме жасап.

Оралдық мұғалім жалған вакцина паспортын жасатқан

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыс орталығы мектептерінің бірінде жұмыс істейтін 37 жастағы мұғалім маусымның 5-15 аралығында COVID-19 вирусына қарсы вакцина туралы жалған паспорт жасатқан.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабымен (құжаттарды жалған жасату, дайындау немесе сату) сот алдындағы тергеп-тексеру жұмыстары басталды», деді полиция өкілдері.

Бұл ретте тәртіп сақшылары жалған құжатқа дәрігерлердің қатысының бар-жоғын нақтылаған жоқ.