Экология • 14 Шілде, 2021

Қазақстандағы су қорының мөлшері қандай?

788 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі су қорларының жағдайы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы су қорының мөлшері қандай?

«Бүгінде су қауіпсіздігі мәселелері үлкен маңызға ие. Қазақстанның қолда бар су ресурстары жер асты сулары мен өзен ағысының қорларынан тұрады. Өзен ресурстарының нақты көрсеткіштері соңғы жылдары шамамен 90-100 текше км құрайды. Оның ішінде 50,8 текше км жергілікті ағын, ал 39,2 текше км Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келіп түседі. Ресей Федерациясына кететін ағын болса жылына орта есеппен 16,5 текше шақырымды құрайды», деп мәлімдеді Мағзұм Мырзағалиев.

Кездесу барысында министр жерасты су қорымен қатар қажетті су көлемі жайлы мәлімет берді.

«3,5 мыңнан астам кен орындарында 15,5 текше шақырым көлемінде жерасты суларының расталған қоры бар. Географиялық тұрғыдан олар біркелкі бөлінбеген батыстағы кен орындарының 20%-дан кем болса, орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда 30% және елдің оңтүстігінде шамамен 50%-ды құрайды. Жалпы экологиялық қажеттіліктерге шамамен 50 текше шақырым су қажет. Пайдаланылатын судың жалпы көлемі - шамамен 25 текше шақырым. Оның ішінде ауыл шаруашылығына – 15 текше шақырым (65%), өнеркәсіпке – 6 текше шақырым (30%) және коммуналдық шаруашылыққа – 1 текше шақырым (5%) тиесілі. Ал тасымалдау кезіндегі шығындар 3 текше шақырымды құрайды», деп түсіндірді министр.