Оқиға • 14 Шілде, 2021

Теміртауда жаппай төбелес болды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда бірнеше ер адам көшеде төбелесіп, пышақтасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртауда жаппай төбелес болды

Оқиға Теміртаудағы шағын аудандардың бірінде болған және бақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі ер адам алдымен көшеде төбелесіп, артынша тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрсетілген. Нәтижесінде олардың біреуі қолына пышақ алған. Артынша ер адамдар тұрақта тұрған көлікке отырып, кетіп қалған. 

Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қарағанды облысының Полиция департаменті видеоны зерттеп, оған қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, төбелескен ер адамдар анықталған. 

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық ер адам анықталды. Бүгінде соталды тергеу жүріп жатыр», деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.