Әлем • 15 Шілде, 2021

Қонақүй қирап, 17 адам опат болды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың шығысындағы Сужоу қаласында қонақүй қирап, он жеті адам қайтыс болды.

Қонақүй қирап, 17 адам опат болды

36 сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін құт­қару­шылар үйінділер арасынан 23 адам тапты, олардың алтауы тірі.

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде ғимараттың дизайнын өзгерту барысында қирағаны мәлім болды.  Жергілікті халық кейінгі жылдары ғимаратта жөндеу жұмыстары жиі жүргізілгенін айтады.

«Алғашында ғимарат үш қабаттан тұратын. Одан кейін тағы бірнеше қабат қосылды», дейді тұрғындар.

Цзянсу провинциясының үкіметі тергеу әлі де жал­ға­сып жатқанын айтып, қылмыстық іс қозға­латынын ха­бар­­лады.

Сучжоу қаласындағы Siji Kaiyuan қонақүйі дүй­сенбі күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша 15:33-те қираған. Оқиға орнында 600-ден астам құт­қару­шы жұмыс істеп жатыр.

Алғашында қонақүйдегі 54 бөлмеде 18 адам тұ­рақтаған деген ақпарат берілді. Бірақ кейінірек тағы да 5 тіркелмеген қонақ болғаны анықталды. Тірі табыл­ған 6 адамның бесеуі жарақат алған, жағдайлары қалыпты.