Хайбер-Пахтунхуа провинциясының Жоғарғы Кохистан аймағының полиция комиссарының орынбасары Ариф Хан CNN-ге берген сұхбатында қайтыс болған 10 адамның алтауы – Қытай азаматы екенін хабарлады. Оның айтуынша, автобуста барлығы 31 шетелдік жұмысшы болған.
Полиция қызметкері жарылыстың себебі әлі де анықталмағанын айтты. Көліктің қозғалтқышы істен шыққаны немесе қолдан жасалған жарылғыш заттың өртегені беймәлім.
Жаралылар мен қайтыс болғандарды ауруханаға жеткізу үшін тікұшақтар шақыртылған. Шетелдік инженерлер Инд өзенінде салынып жатқан су электр стансасының үлкен гравитациялық бөгеті – Дасу бөгетінің құрылысына көмектесуге арнайы шақыртылған екен. Бұл нысан басшылығы әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады.