Қазақстан Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері капитан Дәурен Қасенов бірінші дәрежелі дипломмен және «ТМД-ның үздік жас ғалымы – 2021» медалімен наградталды. Оның конкурстық жұмысы Қазақстанның күрт өзгермелі континенттік климатында ұшқышсыз ұшу аппараттарының мұздану проблемасын шешумен байланысты болды.
Капитан Дәурен Қасенов – жетекші отандық және шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы, үш кітап басылымының тең авторы, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы төрт куәліктің және бір патенттің иесі.
Биыл ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті ғылыми-зерттеу тобының құрамында отандық «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппаратын жасау бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеулерге қатысқан.
«Егемен-ақпарат»