Осы жылдың сәуір айында Жамбыл облысында «Жомарт түлек» жобасы бастау алған еді. Аталған жоба аясында қолы ашық азаматтар туған жеріне тарту жасап, түрлі деңгейде жұмыс атқаруда. Мәселен, бірі аз қамтылған отбасыларға баспана салып берсе, енді бірі өз есептерінен түрлі әлеуметтік нысандар тұрғызуда. Бүгінге дейін түлектер жалпы көлемі 156 млн 80 мың теңгеге демеушілік көрсеткен. Бұл жұмыстар өңірдің аудан, ауылдарында әлі де жалғасуда.

«Қолы ашықтың – жолы ашық» дейді. Қазіргі кезде қарапайым халықтың қажетіне жарайтын нысандар салып беріп, елдің алғысына бөленіп жүрген жандар жетерлік. Жуырда кәсіпкер Андрей Тимофеев Жамбыл ауданының Гродеково ауылында заман талабына сай Street Workout алаңшасын ашты. Жамбылдық балаларға қуаныш сыйлаған Андрей Тимофеев «Туған жерге тағзым» және «Жомарт түлек» жобасы аясында аталған нысанды салып, пайдалануға беріп отыр. Сонымен қатар бұл спорттық нысан Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту ретінде салынған. Сондай-ақ спорт нысанын салудағы негізгі мақсат – жастардың спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау.
Бұл ойын алаңы 20-дан аса түрлі снарядтан құралған. Түрлі жаттығуларды жасауға арналған құралдарды ауыл тұрғындары тегін пайдалана алады. Бұл бастамаға ауыл тұрғындары да дән риза. «Ауылымызға Street Workout алаңшасы салынғанына ризамыз. Балаларға уақыттарын тиімді өткізу үшін жасалған жақсы мүмкіндік. Бәрімізге қуаныш сыйлаған демеушіге алғысымызды айтамыз», дейді ауылдықтар.
Ал нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев ауыл халқын саламатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Негізінен АҚШ-та пайда болған Street Workout спорттық бағыты бүгінде еліміздің барлық өңірінде қарқынды түрде дамып келеді. Бұл спорт түрімен қазіргі кезде Гродеково ауылдық округінде 100-ге жуық жас айналысады. Алдағы уақытта да аталған спорт нысанында талай жас кәсіби шеберлігін шыңдап, талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз.
Жамбыл облысы
Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек - Президент
Бизнес • Бүгін, 18:11
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Бүгін, 18:07
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Павлодар облысының тұрғыны полицияға 138 патрон тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Жылжымалы медициналық кешендерде 1,8 млн тұрғын екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 17:38
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Ұқсас жаңалықтар