Әлем • 15 Шілде, 2021

Әлемде 23 миллион бала жоспарлы екпе алмаған – ДДСҰ

20 рет көрсетілді

2020 жылы 23 миллион бала коронавирус салдарынан негізгі вакцинасын алмаған. Бұл 2019 жылдан 3,7 миллионға көп. Бұл туралы ДДСҰ мен ЮНИСЕФ мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Олардың көпшілігі, 17 миллионға жуық бала, бір жыл ішінде бір де бір вакцина алмаған болуы мүмкін. Бұл әлемдегі вакцина қолжетімділігінің теңсіздігін одан сайын бұзады. Балалардың көпшілігі қақтығыстардан зардап шеккен елді мекендерде, жеткіліксіз қорғалған жерлерде, бейресми жерлерде немесе кедей елдерде өмір сүреді. Сол себепті көптеген медициналық-санитарлық көмек пен негізгі әлеуметтік қызметті ала алмайды. Әсіресе, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі балалардың жағдайы қиын.

«Басқа елдер COVID-19 вакцинасын талап етіп жатқан кезде балалар қызылша, полиомиелит немесе менингит сияқты ауыр, бірақ алдын алуға болатын ауруларға қарсы вакцинация ала алмаған. Аталған аурулар өршитін болса, онсыз да коронавируспен күресіп жатқан денсаулық сақтау жүйелері қиын жағдайға тап болды. Сондықтан балалар вакцинасына қаражат салу және әр баланың алуын қамтамасыз ету бұрынғыдан да маңызды бола түсті», деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гребресиус.

Мәселен, 2020 жылы Үндістанда 3 млн-нан астам бала дифтерия, сіреспе және көкжөтелге қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алмаған. Бұл тізімде Пәкістан, Индонезия, Филиппин, Мексика, Мозамбик, Ангола, Біріккен Танзания Республикасы, Аргентина, Венесуэла, Мали елдері бар.

Соңғы жаңалықтар

Доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 17:01

Ұқсас жаңалықтар