09 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1364

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 20 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5 73-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әр шаруашылық бойынша есепке алу шеңберінде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) есепке алуды жүргізеді, тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50