Коронавирус • 15 Шілде, 2021

Шетелден келгендер үш күн карантинге жатқызылады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша шетелден келетін азаматтарды елге қабылдау шараларына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелден келгендер үш күн карантинге жатқызылады

Қаулы бойынша, шетелден келген ҚР азаматтары және ел аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарда COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болуы керек. Ол болмаған жағдайда 3 тәулік карантиндік стационарға оқшауланады. Стационарда олардан ПТР-тест алынады. 

Тесті теріс нәтиже көрсеткен адамдар тиісті қолхат толтырады. COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіріледі.

Ал тест оң нәтиже көрсеткен адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.