Қоғам • 16 Шілде, 2021

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменттері қалалық прокуратураның үйлестіруімен World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақша қаражатын енгізуді ұсынды. Өз кезегінде бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік берді», деп түсіндірді ҚР ҚҚА баспасөз қызметі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес World Business Consulting қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анықталды.

«Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», делінген хабарламада.

Ведомство ел азаматтарын әрдайым қырағы болып, өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.