Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, тоқтатылсын:
- Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
- жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.
Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынсын:
- қоғамдық көліктің;
- Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
- Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
- Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың.
Жұмыс күндері қызметтері шектелсін:
- 20-00 сағатқа дейін Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
- ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің Ashyq жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
- Ashyq жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, Ashyq жүйесіне қатыспайтындар - сағат 18-00-ге дейін.